13.05.2011, 16:17 3032

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының жұмысшысы екі снаряд тауып алды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, БҚО Зеленов ауданы Новенькое ауылында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу барысында табылған 2 снарядтың ұзындығы 23 см., диаметрі - 7,5 см. ҚР ІІМ "Арлан" арнайы жасағының саперлары жеткенше төтенше оқиға орнын Зеленов ауданының Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері қоршап қойды.

Астана. 13 - мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының жұмысшысы екі снаряд тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, БҚО Зеленов ауданы Новенькое ауылында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу барысында табылған 2 снарядтың ұзындығы 23 см., диаметрі - 7,5 см. ҚР ІІМ "Арлан" арнайы жасағының саперлары жеткенше төтенше оқиға орнын Зеленов ауданының Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері қоршап қойды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданында жергілікті тұрғын қазіргі заманғы үлгідегі 2 авиабомба тауып алған. Авиабомбалар 10 мамыр, сейсенбі күні табылды. Олардың әрқайсысының ұзындығы 1 метр 44 см., диаметрі 38 см., бас жағында 39 см.-лік жару тетігі бар. Төтенше жағдай орнына жеткен шұғыл әрекет ету қызметтері, табылған заттар заманауи үлгідегі штаттық оқ-дәрілердің фрагменті - астыңғы жағында тұрақтандырғышы жоқ, бастарында жару тетіктері бар авиабомбалар екендігін анықтады.

12 мамыр күні ҚР ІІМ "Арлан" арнайы жасағының саперлары қауіпті заттарды ашық алаңға шығарып, жару арқылы жойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны