04.10.2006, 13:25 2954

Бегенев орман шаруашылығындағы өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, 10-ы жараланып, 330 адам баспанасыз қалды - Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі

Өскемен. 4-қазан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Бегенев орман шаруашылығындағы өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, 10-ы жараланып, 330 адам баспанасыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, далалық өрт кеше күндіз Бегенев орман шаруашылығында Қошқарағай учаскесінеде шыққан. Алайда, тілсіз жау қатты желдің салдарынан үш бағытта, орманға қарай да жайылып кетті. Кешке қарай өрт беген орман шаруашылығына қарай ауыз салды.

"Бегенев орман шаруашылығында жай үйлер мен шаруашлыық жайлары өртену оқиғасы 19 сағат 45 минутта тіркелген. Қатты желден өрт үлкен жылдамдықпен таралып, ауылды жаппай шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің алдын-ала ақпаратына сәйкес 121 үйдің 92-сі, екі әкімшілік ғимарат пен 600 шаруашылық жайы жанып кеткен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

400-дей тұрғын орман шаруашылығынан 3 шақырым жердегі Беген ауылына көшірілді",- деп хабарлайды мекеме. Адамдар мектеп ғимараты мен жай үйлерге орналастырылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге Семей мен "Семей орманы" табиғи резерватының Бегенев филиалының өртке қарсы күрес бөлімінің күштері мен құралдары тартылды. 21 сағатта төтенше оқиға орнына Өскемен мен Семейдің өрт сөндіру бөлімдерінен арнаулы техника жіберілді. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. "Өрт шыққан жерде Бесқарағай ауданының басшылығы жүр. Жедел жәрдем көліктері шақырылған".

Қазір Шығыс Қазақстан облысының басшылығы төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға шаралар қолдануда. Төтенше жағдайлар қорынан 8 млн. теңге бөлінді. Облыстық білім беру департаментіне баспанасыз қалған отбасылардан 70 баланы киім-кешекпен қамтамасыз ету, облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру департаментіне өрттен зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны