12.04.2011, 15:50 4053

Беларусь МҚК теракт жазады деген басты күдіктінің кім екендігін анықтады

Беларусь МҚК теракт жазады деген басты күдіктінің кім екендігін анықтады. Бұл туралы Минскде Беларусьтің МҚК ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Александр Антонович мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - Беларусь МҚК теракт жазады деген басты күдіктінің кім екендігін анықтады. Бұл туралы Минскде Беларусьтің МҚК ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Александр Антонович мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. А. Антонович басқа да ақпараттар туралы жария етпеді.

Естеріңізге сала кетсек, 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 17.55-те Минскідегі "Октябрьская" метрополитен станциясында жарылыс болған.

Бомба адамдар көп жүретін кезде және Минск метрополитеніндегі жолаушылар ауысып отыратын жалғыз бекетте - "Октябрьская" және "Купаловская" станцияларында екі пойыз тұрған кезде жарылған.

Ал зардап шеккендердің арасында РФ екі азаматшалары бар, деп жазады РБК. Жарылыс себептері әзірге белгісіз.

Photo: rian.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны