15.03.2012, 10:49 3146

Бельгияда көлік апаты орын алып, 22 мектеп оқушысы мерт болды

Швейцария, Бельгия мен күллі Еуропа - 28 адам, оның ішінде 12 жас шамасында 22 мектеп оқушысының өмірін қиған жойқын жол апатына байланысты қайғырып, өкініштерін білдіруде, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Бельгияда көлік апаты орын алып, 22 мектеп оқушысы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Швейцария, Бельгия мен күллі Еуропа - 28 адам, оның ішінде 12 жас шамасында 22 мектеп оқушысының өмірін қиған жойқын жол апатына байланысты қайғырып, өкініштерін білдіруде, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Тауда демалған балалар үйлеріне қайтып келе жатқан. Жол апаты туралы ақпарат тарағаннан кейін балалар оқыған мектептерге халық ағылып, гүл шоқтары мен шырақтар қойып жатыр. Бельгиялықтар болған жағдайды ұлттық апат деп атауда. Кеше кешкісін апат болған жерге ел премьер-министрі Элио Ди Рупо және қаза тапқан балалардың туған-туыстары келді.

Ал, апаттың нақты себеп-салдары әзірге белгісіз. Кеше Швейцарияның Сьона қаласында өткен баспасөз-мәслихатына Швейцария президенті, Бельгия премьер-министрі, екі елдің елшілері, жергілікті басшылық, полиция өкілдері қатысып, тәртіп сақшыларының апаттың үш себебін қарастырып жатқандарын мәлімдеді. Кантон прокурорының сөзіне қарағанда, көлік құралының техникалық ақауы немесе көлік жүргізушісі денсаулығының аяқ астынан нашарлап кетуі себеп болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны