11.04.2011, 11:31 3295

БҚО еріген қар суы тұрғын үйлерді басып қалды

БҚО қатты еріген қар суы тұрғын үйлерді басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - БҚО қатты еріген қар суы тұрғын үйлерді басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында 6 - 9 сәуір аралығында қатты еріген қар суы Шыңғырлау, Тасқайың, Зеленовск, Теректі аудандары мен Орал қалаларының аумағындағы тұрғын үйлерді басып қалған. Тасжолдың үш жерін су шайып кетсе, 11 жерде су деңгейі жол қабатынан асып кеткен. Сел ағатын арнаның болмау мен аумақтық жоспарлаудың болмауы салдарынан Оралдағы тұрғын үйлерді, атап айтқанда "Солтүстік-Шығыс" ықшамауданындағы 12 үйді, Деркүл аулындағы 10 үйді, Теректі ауданындағы Подстепное аулындағы 20 үйді су басып қалған (үйдің ішіндегі су - 5-10 сантимерт).

"Утва өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі мен Қайыңды және Лубенка аулының маңында сеңнің жиналып қалуының салдарынан Шыңғырлау ауданында 4 үйді су басып қалды. 8 ұсақ мал, 12 лақ өлген. 2011 жылдың 9-сәуіріндегі сағат 11.00 жағдаймен өзен арнасындағы су деңгейі төмендей бастады",- деп хабарлады мекемеден.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, облыс орталығындағы су сорғызылып, "Солтүстік-Шығыс" ықшамаудынанда су ағатын 200 метрлік арна қазылған. Зардап шеккен барлық елді-мекендерде тиіті шаралар қабылданып жатыр.

ТЖ жоюға облыстық ТЖД су соратын техникалары бар 6 бригада, аудан әкімшілігінің коммунальдық және жол қызметтерінің 70 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданының жару бригадасы мен судан құтқару қызметтері жиналып қалған мұздарды жою жұмыстарын жүргізген.

"Үлкен және Кіші Өзендерде су деңгейі күрт көтеріледі деп күтілуде",- деп атап өтті ТЖМ.

Photo: newskaz.ru

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны