08.05.2012, 09:26 3181

Бразилияда су тасқынынан 74 мың отбасы зардап шегуде

Табиғи апаттан кемінде 74 мың отбасы зардап шегуде. Қазіргі уақытта су деңгейі біраз төмендегеніне қарамастан, елді-мекендердің кейбір бөліктері су астына кеткен. Кейбір тұрғындар өсірген өнімінен айрылған.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Бразилияда су тасқынынан 74 мың отбасы зардап шегуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бразилияның ірі Амазонас штатында наурыз айынан бері толассыз жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, су тасқыны жүрді.

Табиғи апаттан кемінде 74 мың отбасы зардап шегуде. Қазіргі уақытта су деңгейі біраз төмендегеніне қарамастан, елді-мекендердің кейбір бөліктері су астына кеткен. Кейбір тұрғындар өсірген өнімінен айрылған.

Сондай-ақ, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, санитарлық нормалардың нашарлығы салдарынан сырқаттанғандардың саны күрт өсіп кетті. Апат өтінде қалған 32 қала басшылығы үкіметке жүгініп, аймақтық және федералды деңгейде көмек сұрады. Дегенмен зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіліп, азық-түлік, ауыз-су мен керек жарақ заттар жеткізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны