24.07.2007, 16:01 3083

Бұқтырма су қоймасына автобус батып кетті, екі адам қаза тапты

СЕМЕЙ. 24 - шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасына автобус батып кетті, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Қажыбек Исабаев хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиға Көкпекті ауданының Қаракөл ауылынан сегіз шақырымда болған. Аудандық ішкі істер басқармасына Бұқтырма су қоймасындағы бұрынғы өткел маңында суда ПАЗ-3204 маркалы автобустың жатқандығы туралы хабар келіп түскен.

"Құтқарушылардың күшімен автобус жағаға шығарылды, оның ішінен 45 жастағы жүргізуші мен 47 жастағы жолаушының мәйіттері табылды",- деп түсіндірді Қажыбек Исабаев.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себебі анықталуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны