26.03.2012, 13:04 3832

Чилиде күшті жер сілкінісі болды

РБК мәлім еткендей, жерасты дүмпулері жексенбі, 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша (мәскеу уақыты бойынша дүйсенбі таңертең) кешке қарай тіркелген. Зілзаланың ошағы Талька қаласынан 27 шақырым солтүстікке қарай елдің орталығында болған. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 30 шақырымды құрады.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Чилиде қуаттылығы 7,2 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып Reuters хабарлады.

РБК мәлім еткендей, жерасты дүмпулері жексенбі, 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша (мәскеу уақыты бойынша дүйсенбі таңертең) кешке қарай тіркелген. Зілзаланың ошағы Талька қаласынан 27 шақырым солтүстікке қарай елдің орталығында болған. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 30 шақырымды құрады.

Қаза болғандар мен қирандылар жайлы мәлімет түспеді. Цунами болуы мүмкін деген де ақпарат таратылмады. Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында зілзала аумағына жақын орналасқан бірқатар аудандардың тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы Чилиде қуаттылығы 8,8 балдық күшті жер сілкініс орын алған еді. Жерасты дүмпулері цунамидің салдарынан болған. Бұл апат 800-ден астам адамның өмірін қиып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны