04.03.2010, 17:04 3695

"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Бақыт Жұмәділов жол апаты салдарынан қаза тапты

"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Бақыт Жұмәділов жол апаты салдарынан қаза тапты

Алматы. 4 наурыз. Kazakhstan Today - "Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Бақыт Жұмәділов жол апаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 4 наурызы күні қазақтың танымал әншісі, атақты "Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Бақыт Жұмәділов жол апаты салдарынан қаза тапты. Оның жанында болған әріптес досы Досым Сүлеев ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Жамбыл облыстық ІІД өкілі Роза Қалдыбекова 3 наурыз күні сағат түнгі 3-те Алматы-Ташкент тас жолының 167-ші шақырымында Гвардейский кентінен 15 шақырым жерде "Mitsubishi Pajero" автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі Қордай ауылынан Алматы қаласына бет алған жолда көктайғақ салдарынан жолдың қарсы бетіне шығып, "KIA POTENTIA" көлігімен соқтығысқанын растады. Апат салдарынан "Mitsubishi Pajero" көлігінің жүргізушісі қаза тауып, оның жолаушысы жарақаттанып, екінші көліктің 37 жастағы жүргізушісі, Мойынқұм ауданының Биназар ауылының тұрғыны мен оның ерлі-зайыпты екі жолаушысы жарақаттармен Гвардейский қала үлгісіндегі кентінің ауруханасына жатқызылған. Бұл дерек бойынша жіті тексеру жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды, деп хабарлайды ІІД.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына орасан зор үлес қосып, өзіндік кескін - келбетімен дараланған Бақыт Жұмәділовты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі сенбі күні - 6 наурызда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында сағат 10 мен 11.30 аралығында өтеді. Марқұм "Кеңсай-2" зиратында жерленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны