19.06.2008, 09:45 1367

Екібастұзда бақшашылар қоғамының аумағында өрт шықты

Екібастұзда бақшашылар қоғамының аумағында өрт шықты

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда бақшашылар қоғамының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 18 маусымда сағат 23.00-те Павлодар облысының Екібастұз қаласында , "Энергостроитель" (қараусыз қалған 20 саяжай учаскесі) бақшашылар қоғамының аумағында шөп өртенді. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт бүгін сағат 02.25-те сөндірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын көлемі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны