01.11.2006, 09:10 2503

Елімізде екі жол апатынан үш адам мерт болды

АСТАНА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Елімізде екі жол апатынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Алматыда 1-қарашада түнгі 2 сағат 11 минутта "Mitsubishi" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жарақаттан опат болды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында Алматы-Тараз тас жолының 442-шақырымында 31-қазанда "ГАЗ-3110" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "ГАЗ-3110" автокөлігінің жүргізушісі мен көлікте отырған 40-45 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны