25.02.2021, 19:48 25395

Елорда әкімдігі мемлекеттік сатып алуды жоғары бағамен сатып алды деп айыпталды

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.
Нұр-Сұлтан. 25 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбатталған бағада сатып алғаны белгілі болды. 
 

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болатын еді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т.сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу). ҚР ҚПК-нің 201-б. тәртібінде тергеу мүдделеріне сәйкес басқа деректердің жария етілуіне жол берілмейді", - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны