31.03.2008, 09:42 2919

Елордасындағы "Москва" тұрғын үй кешенінің аумағында жексенбіге қараған түні өртенген ғимараттан 169 адам көшірілді, олардың 6-ы жан сақтау бөлімінде жатыр - ҚР ТЖМ

Елордасындағы "Москва" тұрғын үй кешенінің аумағында жексенбіге қараған түні өртенген ғимараттан 169 адам көшірілді, олардың 6-ы жан сақтау бөлімінде жатыр - ҚР ТЖМ

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Елордасындағы "Москва" тұрғын үй кешенінің аумағында жексенбіге қараған түні өрт шығып, өртенген ғимараттан 169 адам көшірілді, олардың 6-ы жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша апаттан құтқару және өрт сөндіру қызметінің бастығы Болатбек Омаров кеше өткен брифингте мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өртеніп жатқан ғимараттан барлығы 169 адам көшірілді. 29 ересек адам мен 14 бала дәрігердің көмегіне жүгінді, қазір көмір қышқыл газынан уланған 4 бала жан сақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы тұрақты болса, жан сақтау бөлімінде жатқан тағы екі ересектің жағдайы ауыр деп бағалануда", -деді Б. Омаров.

"Өрт сөндірушілердің шұғыл іс-әрекетінің арқасында ешкім қаза тапқан жоқ", -деді өрт сөндіру қызметінің бастығы.

Оның хабарлауынша, "Москва" тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабар 29 наурызда 23 сағат 37 минутта "01" пультіне келіп түскен. "Өрт сөндірушілер оқиға орнына 23 сағат 44 минутта жетті, осы кезде үшінші подьездегі кешеннің барлық қабаттарында қатты түтін басу оқиғасы байқалды. Бұдан кейін өрт ошағы- кабельді шахтаға 10 минутта өрт сөндіру құралдары жеткізілді. Өрт ошағында 3 пен 23 қабаттар аралығында электр кабельдері өртенген", -деді Б.Омаров.

"Өрт 30 наурыз күні 00 сағат 24 минутта шоғырландырылып, 00 сағат 51 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге 67 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды",деді ол. "Барлық техника толық жауынгерлік дайындықта болды, бірақ көтергіштерді пайдалану қажеттігі болған жоқ. Біз тіпті болмай бара жатса, электр жалғастыру желісін кесіп, көтергішке арнап тұрақты тазартуға дайын едік", -деді Б.Омаров. Оның айтуынша, адамдарды эвакуациялау кезінде пәтерлердің 90%-дан астамының есігін өрт сөндірушілер мен ІІД қызметкерлері бұзып кірді.

Осы орайда, оның айтуына қарағанда, өрттің шығу себептері мен материалдық шығын көлемін Астана қалалық өртке қарсы күрес қызметінің департаментінің анықтау бөлімі анықтап жатыр. "Үйді 2007 жылы пайдалануға берген кезде барлық жүйелер, соның ішінде электр желілері ақаусыз болған", -дейді Б. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны