08.09.2009, 10:03 1574

Грузия, Оңтүстік және Солтүстік Осетияда қуатты жер сілкінісі болды

Грузия, Оңтүстік және Солтүстік Осетияда қуатты жер сілкінісі болды

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Грузия, Оңтүстік және Солтүстік Осетияда Рихтер өлшемі бойынша қуаты 6,2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Тбилиси қаласынан солтүстік-батысқа қарай 155 шақырымда, 10 шақырымдық тереңдікте болған.

Ал Грузия өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 балл болған.

Жер асты дүмпулері екі минутқа жуық созылған. Цхинвал тұрғындары үйлеріне кері оралудан қорқып отыр. Қалада мүлдем жарық жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны