22.01.2018, 21:38 11718

ІІМ министрініӊ орынбасары: негізгі болжам бойынша Ақтөбе облысында автобуста шыққан өрттіӊ себебі - отты абайсыз пайдалану

Оқиға орнын тексеру аяқталғаннан кейін аталмыш автокөліктен ешқандай суық қару, атыс қаруы, оқ-дәрі немесе сол оқ-дәрілердіӊ қалдықтары табылмады", - деп жеткізді ҚР ІІМ министрініӊ орынбасары.

Ақтөбе. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ министрініӊ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдегендей негізгі болжам бойынша Ақтөбе облысындағы автобустыӊ өртеніп кетуініӊ себебі - отты абайсыз пайдалану. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі таӊда оқиға орнындағы жұмыстар аяқталды. Қаза болғандардыӊ мәйіттері Өзбекстанға жіберілді. Ол жақта бірқатар геномдық сараптамалар жүргізіліп, марқұмдардыӊ денелері туыстарына беріледі. Негізгі болжамға сәйкес, отты салғырт пайдалану өрттіӊ шығуына себеп болған. Оқиға орнында дәнекерлейтін шам табылды. Сонымен қатар, тергеу кезінде бес литр бензин құйылған пластмасса ыдыстыӊ (автобуста) болғандығы анықталды" - деді Е.Тұрғымбаев.

Оныӊ айтуынша тергеу органдары зардап шеккендерден жауап алуды 19 қаӊтар, жұма күні бастаған.

"Отты салғырт пайдаланғандығы жөніндегі болжам аман қалғандардыӊ түсініктемелерімен расталып отыр. Автокөліктіӊ қозғалтқышы өшіп қалып, көліктіӊ іші салқын болған, сол кезде дәнекерлейтін шам жылытқыш ретінде қолданылған. Ол екі сағаттан астам уақыт жұмыс жасайды. Сол кезде бес литрлік ыдыстағы бензин төгіледі де, от лап етеді. Сөйтіп, аз уақытта автобус ішіндегі азаматтардыӊ барлығыныӊ өмірін жалмайды. Сондай-ақ, жол көлік оқиғасы немесе қандай да бір криминалдық жағдайдыӊ болуы мүмкін деген болжамдар толықтай жоққа шығарылды. Оқиға орнын тексеру аяқталғаннан кейін аталмыш автокөліктен ешқандай суық қару, атыс қаруы, оқ-дәрі немесе сол оқ-дәрілердіӊ қалдықтары табылмады", - деп жеткізді ҚР ІІМ министрініӊ орынбасары.

ҚР Денсаулық сақтау вице министрі Алексей Цой ауруханада жатқан бес азаматтыӊ денсаулығы туралы айтты.

"Санитарлық авиация арқылы жеткізілген барлық емделушілер кешеден бері толық тексерілді.Жалпы алғанда, жағдай тұрақты, олардыӊ әрқайсысы өздерін жақсы сезінеді. Психологтар өте белсенді жұмыс жасады, өйткені емделушілерді моральдық тұрғыдан қалпына келтіру қажет болды. Бүгін жағдай қалыпты. Зардап шеккендердіӊ денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оларды ауруханадан шығаруға болады", - деп хабарлады А. Цой.

Сондай ақ, жұма күні, Астана уақыты бойынша шамамен 21:00-де, өрт кезінде қаза болған 52 адамныӊ мәйітін Өзбекстан Республикасыныӊ Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбеден Ташкентке ұшақпен алып кетті.

"Ұшақ Өзбекстанға келгеннен кейін, қажет болған жағдайда, қосымша тергеу шаралары жүргізілетін болады. Мәйіттер туыстарына беріледі", - деді Өзбекстан Республикасыныӊ Төтенше жағдайлар министрі Рустам Джураев.

Ол сондай-ақ Қазақстан тарапына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді: "Өзбекстан Президенті республика азаматтарыныӊ қазасына байланысты үкіметтік комиссия құрды. Комиссия мүшелері Ақтөбе қаласына жіберілді, бізге мұнда барынша көмек берілді. Жұмыс орны, көлік жедел түрде беріліп, мамандардыӊ көмегі көрсетілді. Барлығы қысқа мерзімде жүргізілді. Мұнда барлық мәселелер толық шешілді: мәйітті анықтау, куәгерлерден жауап алу кезінде ешқандай проблемалар болған жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасыныӊ Президентіне, Үкіметі мен осы екі күн бойы бізге көмектескен барлық министрліктер мен ведомстволарға алғыс айтқым келеді. Қайғымызды бөліскендеріӊіз үшін рахмет".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны