11.01.2012, 11:16 3364

Индонезияда 7,3 балдық жер сілкінісі болды

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне қарағанда, оның эпицентрі Банда-Ачех қаласынан оңтүстік-батысқа 420 шақырым қашықтықта теңізде тіркелді. Зілзала ошағы 29,1 шақырым тереңдікте орналасты. Жер асты дүмпулері Мәскеу уақытымен 22:37-де тіркелді, деп хабарлайды РБК.

Алматы. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Индонезияда 7,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Индонезиялық Суматра аралының жағалауларында магнитудасы 7,3 балдық жойқын жер сілкінісі болған.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне қарағанда, оның эпицентрі Банда-Ачех қаласынан оңтүстік-батысқа 420 шақырым қашықтықта теңізде тіркелді. Зілзала ошағы 29,1 шақырым тереңдікте орналасты. Жер асты дүмпулері Мәскеу уақытымен 22:37-де тіркелді, деп хабарлайды РБК.

Ел билігі цунами болу мүмкіндігі туралы ескертумен жағалаудағы аудан тұрғындарын көшіруді бастаған болатын. Дегенмен кейінірек цунами болу мүмкіндігі туралы ескерту алынып тасталды.

Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны