21.12.2010, 13:44 4040

Кафе/сауда үйі/от

Ақтөбеде кафе, Шымкентте сауда үйі отқа оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде кафе, Шымкентте сауда үйі отқа оранды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 19.05 Ақтөбе қаласындағы "Ернұр" кафесінің екінші қабатында өрт шыққан. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 12.39 Шымкентте үш қабатты "Оптовик" сауда үйінің жоғарғы қабатында өрт шыққан.

Тілсіз жау 180 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан 38 жастағы жігіт жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны