06.05.2013, 16:07 3942

Калифорнияда көпір үстінде лимузин өртеніп, одан 5 қыз шыға алмай қалған

Нериза Фохас атты қыз келесі айда күйеуге шығу керек екен. Оның туыстары бір айдан соң Филиппинде той өткізуге дайындалып жатқан.

Астана. 6-мамыр. Kazakhstan Today - Калифорнияда көпір үстінде лимузин өртеніп, одан 5 қыз шыға алмай қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кеше Сан-Франциско қаласындағы Сан-Матео көпірінің үстінде отқа оранған лимузинді күйеуге шығайын деп жатқан қалыңдық қызойнақ үшін жалдап алған.

Нериза Фохас атты қыз келесі айда күйеуге шығу керек екен. Оның туыстары бір айдан соң Филиппинде той өткізуге дайындалып жатқан.

Қымбат көліктің ішінде сауық кешке бара жатқан 9 қыз отырған. Көлік өртеніп, қара түтінге оранған шақта жүргізуші мен 3 қыз сыртқа шығып үлгереді. Қалыңдық пен қалған төрт қыз жалынға оранған машинадан шыға алмай тірідей жанып кеткен. Оқыс оқиғаның тез болғаны соншалық, сол маңайдағы көліктегілердің өзі көмектесуге үлгермей қалған. Қазір аман қалған екі қыз жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Өрттің неден орын алғаны қазір тексерілуде. Оқиғаны тергеушілер мынадай сұмдық оқиғаны 20 жыл істеп жүрсе де көрмегенін айтуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны