14.07.2011, 12:18 3726

Канадада 18 жасар қазақстандық эмигрант кісі қолынан қаза тапты

"18 жасар Маргарита Шумакованың денесін полиция орманнан тауып алған. Маргарита Шумакова мен анасы Қазақстаннан 7 жыл бұрын көшіп келген. Қыздың анасы әлде де ағылшынша жетік сөйлей алмайды. Ал оның қызы болса, жаңа орынға жақсы икемделіп, тіл үйреніп, көптеген достар тауып алды", - деп жазады "Экспресс К" басылымы.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Канадада Қазақстаннан келген 18 жасар Маргарита Шумакова кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі,

"18 жасар Маргарита Шумакованың денесін полиция орманнан тауып алған. Маргарита Шумакова мен анасы Қазақстаннан 7 жыл бұрын көшіп келген. Қыздың анасы әлде де ағылшынша жетік сөйлей алмайды. Ал оның қызы болса, жаңа орынға жақсы икемделіп, тіл үйреніп, көптеген достар тауып алды", - деп жазады "Экспресс К" басылымы.

Басылым ақпаратына сүйенсек, өміріндегі соңғы демалысын М. Шумакова бір топ жолдастарымен бірге клубта өткізген. Бұл бүкіл мемлекет Канада күнін атап өткен 1 шілде болатын. Көңіл көтеру орнынан Маргарита қайда және кіммен кеткені беймәлім. Бір апта өткеннен кейін қыздың денесі Торонтодан 80 шақырым жердегі Аксбридж қалашығының маңындағы орманнан табылған.

"Қыздың қалай қайтыс болғанын полиция әзірге айтпай отыр. Бұл жергілікті ақпарат құралдарын қайран қалдыруда. Алайда, құқық қорғау органдары денені тістері арқылы танығаны белгілі болып отыр. Қазір ДНК сараптамасының нәтижелері күтілуде. Канада полициясының офицері Терри Хэйттің айтуынша, тергеушілерде қылмысқа байланысты бірқатар болжам бар. Қазіргі уақытта тергеушілер Маргаританың достары мен жақындарына сұрау салуда", - деп жазылған мақалада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны