20.12.2011, 10:04 3117

Қапшағай қаласындағы базарлардың бірі өртенді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 18.54 Алматы облысының Қапшағай қаласындағы "Жетісу" базарындағы сауда дүңгіршектері өртенген. Жалын 8756 шаршы метр аумақты шарпыған.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қапшағай қаласындағы базарлардың бірі өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 18.54 Алматы облысының Қапшағай қаласындағы "Жетісу" базарындағы сауда дүңгіршектері өртенген. Жалын 8756 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 28 қызметкері мен 8 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны