05.04.2013, 10:39 3692

Қапшағайда қайық аударылып, екі балықшы суға кетті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Қапшағай су қоймасында төтенше жағдай болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Қапшағай су қоймасында қайық аударылып, екі балықшы суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Қапшағай су қоймасында төтенше жағдай болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"4 сәуірде сағат 16:25-те балықшылар мінген қайық аударылып, 40 және 50 жастағы екі ер адам суға кетті", - делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен суға батып кеткен адамдар іздестірілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны