21.12.2015, 22:34 5137

Қарағанды қаласы "Абсолют" сауда орталығында өрт болды

Желтоқсан айыныӊ 21 күні сағат 17:19-да келесі мекенжай бойынша өрт жайында хабарлама түсті: Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Бұқар-Жырау даӊғылы, 55 "Абсолют Казахстан" СҮ.

Қарағанды. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Желтоқсан айыныӊ 21 күні сағат 17:19-да келесі мекенжай бойынша өрт жайында хабарлама түсті: Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Бұқар-Жырау даӊғылы, 55 "Абсолют Казахстан" СҮ. Өрт болған жерде шатырдыӊ ағаш құрылымы, бутиктер мен 2-ші қабаттағы тауар-материалдық құнды заттардыӊ жануы анықталды. Өрт ауқымы шамамен 1400 кв. метрге жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлық күштер адамдарды құтқарып, қауіпсіз жерге көшіруге және өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өрт кезінде 22 адам құтқарылды.

Өртті сөндіруге: ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысыныӊ ТЖД Өрт сөндіру қызметініӊ жеке құрамынан 90 адам және 24 бірлік техника (15 негізгі, 9 арнайы техника), Апаттар медицинасы орталығыныӊ жеке құрамынын 3 адам мен 1 бірлік техника, "Қарағанды Су" ЖШС 1 адам мен 1 бірлік техника, ІІБ жеке құрамынан 143 адам мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны