28.08.2009, 17:52 3776

Қарағанды қаласында екі қыз әкелерін өлтіруге 4 мың долларға тапсырыс берген - полиция

Қарағанды қаласында екі қыз әкелерін өлтіруге 4 мың долларға тапсырыс берген - полиция

Қарағанды. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында екі қыз әкелерін өлтіруге 4 мың долларға тапсырыс берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 тамызда сағат 00.30-да Гапеев көшесіндегі өз үйінен 43 жастағы ер азаматтың мәйіті басынан жарақаттанған және мойнынан бауыздалған күйінде табылған.

Қарағанды ІІБ жедел әрекет етуші арнаулы отряды жәбірленушінің екі қызын ұстады. Олардың бірі - 17 жастағы Медицина академиясының студенті, ал екіншісі - 9-шы сынып оқушысы. Сондай-ақ, олармен бірге 16 және 19 жастағы екі жігіт қолға түсті.

"Ұсталған жігіттер полицияда қылмысты мойындады. Олар жәбірленушінің қыздарынан әкелерін өлтіру үшін 4 мың доллар алған. Сөйтіп 25 тамыз күні сағат 23.50-де пәтерге кірген, оларға есікті қыздар ашып берген, ұйықтап жатқан ер адамның басынан балғамен бірнеше рет соғып, кейін пышақпен оны бауыздаған", - деп хабарлайды полициядағылар.

"Қыздардың әкесі бір жыл Австралияда тұрған. Үйге қайта оралған соң оған қыздарының сабаққа бармай, бетімен кеткендігі ұнамайды. Ал қыздары әкелерінің өздерін тәрбиелеуге ден қойғанын жақтырмай қалады. Сөйтіп олар әкелерінен құтылуға ұйғарады. Оқиға орнынан пышақ пен балға алынды. Кісі өлтіру оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны