09.10.2006, 17:04 3153

Қарағанды облысында АҚШ елшілігінің қызметкері жол апатынан мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. 9-қазан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында АҚШ елшілігінің кеңесшісі Дин Рэйчел жол апатынан мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне жол полициясының қызметкерлері хабарлады.

Жол апаты 30-қыркүйекте 15 сағат 20 минутта Қарағанды облысының Спасск ауылынан 10 шақырым жерде болған. "30 жастағы елшілік қызметкері "Ниссан-Экстрим" автокөлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "ГАЗель" маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Онда жүргізушімен бірге 55 жастағы Қостанай тұрғыны отырған". Қақтығыс салдарынан екі автокөлік те жанып кеткен. Иріптесінің артынан "Мицубиси Паджеро" автокөлігімен келе жатқан Қазақстандағы АҚШ елшілігінің хатшысы Ботс Томас жол апаты болған жерге көмекке жетеді. Алайда, оның көлігі де өртеніп кеткен.

Жол апаты мен өрт салдарынан Дин Рэйчел қаза тауып, "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен және күйікпен Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына келген Спасск өрт сөндірушілері өртті сөндіргенімен, үш көлікті де жалын жойып жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны