14.03.2012, 13:46 3280

Қарағанды облысында апат салдарынан 9 жолаушы пойызы кешіктірілді

"13 наурызда 16 с. 50 мин. Қарағанды облысындағы "Сары-Шаған-Новалы" стансасының 68-ші теміржол өткелінде жұп жолмен келе жатқан № 2404 жүк пойызының (№ 239 электровоз, машинисі - Комяков) 3 бос вагоны (№№ 60080774, 60017738, 63622450) рельстен шығып кеттіп, тақ бағыттағы теміржолға аударылып кеткен".

Қарағанды. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында апат салдарынан 9 жолаушы пойызы кешіктірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "13 наурызда 16 с. 50 мин. Қарағанды облысындағы "Сары-Шаған-Новалы" стансасының 68-ші теміржол өткелінде жұп жолмен келе жатқан № 2404 жүк пойызының (№ 239 электровоз, машинисі - Комяков) 3 бос вагоны (№№ 60080774, 60017738, 63622450) рельстен шығып кеттіп, тақ бағыттағы теміржолға аударылып кеткен".

Апат салдарынан мына бағыттар бойынша 9 жолаушы пойызы уақытынан кешіктірілді: № 16 "Петропавл-Алматы" (2 с. 45 мин), № 4 "Астана-Алматы" (2 с. 42 мин), № 3 "Алматы-Астана" (1 с. 46 мин), № 15 "Алматы-Петропавл" (6 с. 11 мин), № 10 "Астана-Алматы" (4 с. 08 мин), №. 43 "Алматы-Қостанай" (4 с. 06 мин), № 56 "Көкшетау-Қызылорда" (3 с. 48 мин), № 51 "Алматы-Қарағанды" (2 с. 17 мин.), № 76 "Астана-Қызылорда" (5 с. 28 мин).

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, тақ бағыттағы пойыздардың қозғалысы 23 с. 40 мин. қалпына келтірілді. Ведомство мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Жұп бағыттағы жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖ жою жұмысына "ҚТЖ" ҰК АҚ қалпына келтіру пойызы (40 адам) тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны