23.09.2011, 15:34 3151

Қарағанды облысында автобустың аударылып кетуі салдарынан бір адам мерт болып, төртеуі зардап шекті

"22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" автожолында Ақсу-Аюлы ауылынан 30 шақырым жерде "Неоплан" автобусының жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны көліктің басқаруын жоғалтып, нәтижесінде автобус жол жиегіне аударылып кетті", - деп хабарлайды облыс ІІД.

Қарағанды. 23-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында автобустың аударылып кетуі салдарынан бір адам мерт болып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" автожолында Ақсу-Аюлы ауылынан 30 шақырым жерде "Неоплан" автобусының жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны көліктің басқаруын жоғалтып, нәтижесінде автобус жол жиегіне аударылып кетті", - деп хабарлайды облыс ІІД.

ЖКО нәтижесінде 1976 жылы туған жолаушы, ОҚО тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт жолаушы: 1985, 1996 және 1969 жылдары туған ер азаматтар мен 1976 жылы туған бір әйел адам түрлі дене жарақаттарымен Ақсу-Аюлы аудандық медицина бөлімшесіне жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны