24.02.2012, 10:29 3143

Қарағанды облысында бес дүкен орналасқан ғимарат өртенді

Қарағанды облысында Атасу ауылында бес дүкен болған ғимараттың жабыны мен шатырының торлы ағаш қаптамасы жанып кетті.

Қарағанды. 24-ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында бес дүкен орналасқан ғимарат өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында Атасу ауылында бес дүкен болған ғимараттың жабыны мен шатырының торлы ағаш қаптамасы жанып кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"23 ақпанда 21 с. 13 мин. Қарағанды облысы Атасу ауылында Сейфуллин көшесі 18 мекен жайындағы ішінде бес дүкені: "Автобөлшектер" 2 дүкені (ЖК Кадрин мен ЖК Рысбеков), "Жанель" азық-түлік дүкені (ЖК Тілеубаева), "Мүбарак" (Шаймерденов ЖК) және "Ұланда" (ЖК Махмутова) 2 киім-кешек дүкені болған барақ типтік бір қабатты ғимараттың шатыры мен жабынының ағаш қаптамасы жанып, төбесі қопарылып түсті", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, өрт 24 ақпанда 00 с. 20 мин ауыздықталып, 02 с. 21 мин. сөндірілді. Нәтижесінде 600 шаршы метр аумақтағы заттар: жиһаздар, сауда құрал-жабдықтары мен тауарлар жанып кеткен. Зардар шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны