27.06.2007, 13:37 2467

Қарағанды облысында бір жігітті жарымжан еткен екі тәртіп сақшысын соттап жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. 27-маусым. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының Абай ауданы, Топар ауылында бір жігітті жарымжан еткен екі тәртіп сақшысын соттап жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәлім болғанындай, 2007-жылдың ақпан айында Топар ІІБ-ның қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзды деген сылтаумен екі жігітті ұстаған. 21 жастағы Дмитрий мен оның жолдасы полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Жолдасымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзған және билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен деген құжаттарға қол қоюды талап еткен тәртіп сақшылары Дмитрийді қатты соққыға жығады.

Жігіт ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның басынан жарақаттанғанын, миы шайқалып, бүйрегінен соққы алғанын және жыныс мүшелеріне зақым келгенін анықтады. Жарақат салдарынан жігіт келешекте балалы болу мүмкіндігінен айрылған.

Жәбірленуші артынан журналистерге полицияда өзіне кісен салып, басы, бүйрег мен жыныс мүшелерінен ұрғанын айтқан.

Сөйтіп, Юлай Халиков және Петр Колесников есімді екі сержанттың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-ші (лауазымдық құзыретін асыра пайдалану) және 103-ші (аса ауыр дене жарақатына ұшырату) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеумен қаржы полициясының қызметкерлері айналысуда.

Қарағанды облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Айнұр Махаеваның Kazakhstan Today тілшісіне хабарлауынша, істі тексерген тергеуші "Терешин мен оның досын мүлдем себепсіз ұстаған" дейді.

Іс сотқа жолданды. Келесі сот мәжілісі 5-шілдеде өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны