24.07.2013, 10:27 13647

Қарағанды облысында бригадир жұмысшыны өлімші етіп сабаған

Қарағанды облысында кәсіпорын бригадирі жұмысшыларымен бірге арақ ішіп отырып, олардың бірін таяқпен ұрып өлтірген, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

Қарағанды. 24-шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында бригадир жұмысшыны өлімші етіп сабаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысында кәсіпорын бригадирі жұмысшыларымен бірге арақ ішіп отырып, олардың бірін таяқпен ұрып өлтірген, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 23 шілде күні Қарабас ауылында орын алды. Жедел жәрдем ауруханаға соққыға жығылған 28 және 34 жасар кәсіпорын жұмысшыларын ауруханаға алып келген. 34 жастағы жұмысшыны дәрігерлер аман алып қала алмады.

Полиция екі жұмысшы еңбек еткен кәсіпорынның 34 жасар бригадирін тұтқындады. Бригадир қол астындағы жұмысшыларды сабағандығын мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 103 бабы "Өлімге алып келген ауыр дене жарақатын салу" ойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны