22.08.2008, 09:40 1580

Қарағанды облысында екі далалық өрт шықты

Қарағанды облысында екі далалық өрт шықты

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында екі далалық өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Абай ауданы Ақбастау ауылдық округінде 20 тамызда сағат 13.05-те дала массиві өртенді. 3500 гектар аумақты шарпыған өрт 21 тамызда сағат 05.00-де шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындардың ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ, Абай ауданының Құлайғыр ауылдық округінде 20 тамызда сағат 12.00-де дала массиві өртенді. 3534 гектар аумақтағы өрт 21 тамызда сағат 09.20-да шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындардың ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының (42 адам мен 6 техника) күшімен сөндірілді. ҚР ТЖМ өрт сөндірушілері шақырылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны