05.04.2007, 11:07 3129

Қарағанды облысында маневрлік тепловоздардың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты

АСТАНА. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында маневрлік тепловоздардың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат сәрсенбі күні таңертең "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның темір жол өткелегінде болған. Апат салдарынан бір тепловоздың 53 жастағы жүргізушісі мен оның 43 жастағы көмекшісі оқиға орнында қаза тапты.

"Отарбалардың қозғалысына кедергі келген жоқ", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны