09.08.2006, 09:58 2972

Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АСТАНА. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Ұлытау ауданында Жезқазған-Сәтпаев тас жолының 7-шақырымында болған. 8-тамызда 20 сағат 59 минутта "Ниссан" және "Мицубиси" автокөліктері соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен "Ниссан" автокөлігінде отырған бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. Үш адам, соның ішінде алты жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны