31.10.2008, 19:32 6874

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы тас жолында Спасск кентінен 15 шақырым жерде болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Субару" көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, "Вольво" көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан "Субару" көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, барлығы Жамбыл облысының тұрғындары, қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны