13.10.2006, 09:06 3106

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Министрлік ақпаратына сәйкес, жол апаты Алматы-Астана тас жолының 760-шақырымында болған. 12-қазанда 7 сағатта "Даймлер-Бенц" жеке меншік автобусы мен "Хонда" автокөлігі соғысты.

Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, екі жолаушысы ауруханада көз жұмды. Сонымен бірге автокөлікте отырған бір жолаушы мен автобустың екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны