06.02.2007, 13:20 3085

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланды

ҚАРАҒАНДЫ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік апаты кеше кешке Шет ауданында болған. Төтенше жағдайлар министрілігінің ақпараттарына сүйенсек, Қызылорда - Павлодар жолының 350-ші шақырымында "Фольксваген" маркалы екі көлік соғысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жолушы оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен алты жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны