02.10.2009, 16:38 4124

Қарағанды облысында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасалды - полиция

Қарағанды облысында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасалды - полиция

Қарағанды. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жүк көлігіне қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Е. Омарбековтың айтуынша, қарулы шабуыл бүгін таңертеңгі сағат төрт шамасында Теміртау қаласының маңында Алматы - Екатеринбург тас жолында болған. "Шымкенттен Қостанайға шамамен 20 тонна қарбыз әкеле жатқан жүк көлігіне белгісіз біреулер оқ атқан. Көлік жүргізушісінің айтуынша, оқ атылғанға дейін сарғыш түсті ВАЗ көлігі оларды ұзақ уақыт бойы өкшелеген. Содан кейін көлікте отырған жолаушы терезеден қылтия шығып, оқ атқан, оқтар көліктің алдыңғы әйнектеріне тиген", - деді басқарма бастығы.

Полицияның хабарлауынша, оқиғадан кейін "Қуғын" жоспары жарияланды. "Стахановская" шахтасының маңынан тәртіп сақшылары жарығын сөндіріп қойып, үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлікті тапқан. Қуғын нәтижесінде үш күдікті қолға түсті, қазір олар уақытша ұстау абақтысында отыр. Тексеру кезінде көліктің жүргізушісінің орындығының астынан Макаров тапаншасы табылды.

Е. Омарбековтың айтуынша, қарулы шабуылға "жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуі себеп болған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны