25.12.2007, 19:16 2818

Қарағандыда "Антал и клуб Фауна" ЖШС-нің бас директоры өлтірілді

Қарағандыда "Антал и клуб Фауна" ЖШС-нің бас директоры өлтірілді

Қарағанды. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда бүгін "Антал и клуб Фауна" ЖШС атты құрылыс компаниясының бас директоры өлтірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін 6 сағат 30 минутта Охотская көшесінде орналасқан "Антал и клуб Фауна" ЖШС ғимаратында өзінің демалыс бөлмесінде ЖШС-нің 44 жастағы бас директоры ішінен тиген оқ жарақаттарымен өліп жатқан жерінен табылды".

Оқиға орнынан "Сайга" қаруы алынды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтіру жөніндегі жорамалды да қарастырып жатыр", -деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны