09.06.2009, 17:53 2973

Қарағандыда мейрамханаға келушілерге қаратып оқ жаудырған ер адам ұсталды - полиция

Қарағандыда мейрамханаға келушілерге қаратып оқ жаудырған ер адам ұсталды - полиция

Қарағанды. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда мейрамханаға келушілерге қаратып оқ жаудырған ер адам ұсталды. Бұл туралы Қарағанды қалалық ІІБ орталық ОП бастығы Ербол Тайбеков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Мейрамханаға келушілерге қаратып 7,62 миллиметрлік "Чейзет - 858" карабинінен 10 оқ атқан ер адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 257-ші бабының 3-тармағы бойынша "бұзақылық" жөніндегі қылмыстық іс қозғалып, прокурорға оны тұтқындау жөнінде өтініш жолданды, деп хабарлайды тәртіп сақшылары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны