25.05.2012, 11:09 3440

Қарағандыда мотоцикльшіні қағып өлтірген шетелдік көлік жүргізушісі іздеуге жарияланды

Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда жол-көлік оқиғасы салдарынан 23 жастағы мотоцикльші қаза тапты, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оны қағып кеткен шетелдік көліктің иесін іздеуде.

Қарағанды. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда мотоцикльшіні қағып өлтірген шетелдік көлік жүргізушісі іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда жол-көлік оқиғасы салдарынан 23 жастағы мотоцикльші қаза тапты, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оны қағып кеткен шетелдік көліктің иесін іздеуде.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат үштің кезінде Қарағандының орталығында, Костенко-Ленин көшелерінің қиылысында орын алды.

"Алдын ала нұсқа бойынша, Костенко көшесімен келе жатқан "Фольксваген-Гольф" көлігінің жүргізушісі Ленин көшесімен келе жатқан 23 жастағы мотоцильшіге жол бермеген. Шетелдік көлік қаққан байк айдаушысы соқтығысу орнынан шамамен 50 метр жерге ұшып кеткен", - деп мәлімдеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Алған жарақаттардан мотоцикльші оқиға орнында көз жұмды.

"Фольксваген-Гольф" көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты. Қазіргі уақытта полицейлер оны іздеумен айналысуда", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны