11.04.2011, 14:55 3540

Қарағандыда өткен демалыс күні көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен екі сәбидің біреуі оқиға орнында мерт болды

Қарағандыда өткен демалыс күні көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен екі сәбидің біреуі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда өткен демалыс күні көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен екі сәбидің біреуі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі бала да терезеден байқаусызда құлап кеткен. Бір жағдайда терезеге ұсталған тор жыртылып кетсе, екінші жағдайда бала тормен бірге құлаған.

"Сенбі, 9 сәуірде Қарбышев көшесінің бойындағы үйдің жетінші қабатындағы пәтер терезесінен екі жасар бала құлап кетіп, алған жарақаттарынан қаза тапты", - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, тағы бір оқиға 10 сәуір күні Майқұдық ауданындағы 18-ші ықшамауданда болды. Полицейлердің хабарлауынша, екінші қабаттағы пәтер терезесінен үш жасар бүлдіршін құлап кетті. "Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы қалыпты", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Photo: diapazon.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны