04.03.2010, 13:16 4117

Қарағандыда сот-медициналық сараптама орталығы бөлімшесінің директорын атып кетті

Қарағандыда сот-медициналық сараптама орталығы бөлімшесінің директорын атып кетті

Қарағанды. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда бүгін таңертең сот-медициналық сараптама орталығы бөлімшесінің директорын атып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс таңертеңгі сағат тоғызда жасалған, 42 жастағы Мейрам Шәкіров өзінің жұмыс кеңсесіне жете бергенде азиялық текті белгісіз біреу оған қаратып екі оқ атқан. Алдын-ала жорамал бойынша, бұл - тапсырыспен жасалған кісі өлтіру оқиғасы.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны