08.06.2006, 18:15 2817

Қарағандыда тәртіп сақшылары балаларды зорлаған күдіктіні ұстады

ҚАРАҒАНДЫ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Қарағандыда тәртіп сақшылары балаларды зорлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазыбек би аудандық ІІБ Михайлов полиция бөлімшесінің бастығы Асхат Мұқашев хабарлады.

Оның айтуынша, 9 жастағы қыз баланы зорлауға әрекет жасалғаны туралы алғашқы ақпарат Михайлов полиция бөлімшесіне 2006-жылдың 6-мамырында келіп түскен. Таңертең музыка мектебіне бет алған қызға Крылов көшесінің бойындағы онкологиялық диспансердің маңында 30-35 жас шамасындағы бір еркек шабуыл жасаған. Қызды зорламақ болған әлгі сол маңнан өтіп бара жатқан адамнан қорқып, қашып кеткен.

Осыдан 10 күннен кейін, 16-мамырда Михайлов полиция бөлімшесіне шағымдана келген бір әйел 16 сағат шамасында Ермеков көшесінің бойындағы ағаштардың арасында 30-35 жас аралығындағы бір беймәлім еркектің 10 жастағы қызы Настяны зорлап кеткенін хабарлайды.

31 -мамырда полициядан көмек сұрай келген тағы бір әйел 11 сағат кезінде Сәкен көшесінің бойындағы перзентхананың жанында белгісіз бір қаныпезердің 11 жастағы қызы Еленаны зорлағанын жеткізді.

А.Мұқашевтің айтуынша, жәбірленушілердің жауабынан бұл қылмыстардың бәрін бір адам істегені байқалады.

Арнаулы шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде 7-маусым күні қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 30 жастағы Теміртау тұрғыны, бұрын сотталған азамат күдікті деп танылды. Беттестіру кезінде жәбірленушілер оны таныған. Қазір осы деректер бойынша тексеру жүргізілуде. "Тұтқын қылмыстарын мойындай бастады", деп хабарлайды полиция.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны