20.06.2013, 17:58 3968

Қарағандыда жас актриса өз-өзіне қол жұмсады

Қайғылы оқиға 19 маусым күні кешкі қойылымның алдында орын алған. "Театрдың көркемдік жетекшісі актрисалардың бірін таба алмай, оны іздеуге кіріскен. Ол әйелді актриса тұрып келген қонақ үйдің бөлмесінен өлі күйінде тапқан. Жас әйел үтіктің сымын душ кабинасының тұтқасына байлап, өз-өзіне қол салған", - делінген таратылған хабарламада.

Қарағанды. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда жас актриса өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағандыда С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының 28 жастағы әртісі өз-өзіне қол салып, өмірмен қоштасты.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға 19 маусым күні кешкі қойылымның алдында орын алған. "Театрдың көркемдік жетекшісі актрисалардың бірін таба алмай, оны іздеуге кіріскен. Ол әйелді актриса тұрып келген қонақ үйдің бөлмесінен өлі күйінде тапқан. Жас әйел үтіктің сымын душ кабинасының тұтқасына байлап, өз-өзіне қол салған", - делінген таратылған хабарламада.

Тәртіп сақшылары өз-өзін өлтірудің себептерін анықтауға кірісті. Алдын ала болжам бойынша, оған жауапсыз махаббат түрткі болған.

Иріптестердің айтуларынша, Нәзила Қырықпаева өнер ордасында 4 жыл еңбек етті. Ол екінші пландағы рөлдерді сомдаған.

Қайғылы оқиға театр маусымының жабылуы күні орын алды. Актриса кешкі қойылымда жалпы көріністерге қатысуы тиіс еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны