13.12.2011, 12:53 10521

Қарағандының Жаңаарқа ауданында ауыл әкімдігінің ғимараты жанып кетті

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Орынбай ауылының әкімдік ғимаратында ірі өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағандының Жаңаарқа ауданында ауыл әкімдігінің ғимараты жанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Орынбай ауылының әкімдік ғимаратында ірі өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Өрт 12 желтоқсан күні, сағат 22.16-да шықты. Мәлім болғандай, әкімдік ғимараты мен оған жапсарлас салынған шаруашылық нысаны отқа оранған. 180 шаршы метрге тараған жалынның салдарынан екі нысан да опырылып құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар тілсіз жауды үш жарым сағаттан кейін ғана толығымен ауыздықтай алды.

Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны