29.12.2006, 14:01 2782

Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, "Наурыз банктің" бұрынғы басшысының жүрген жерін анықтау және оны елге экстрадициялауға қажетті барлық шаралар алынды

АСТАНА. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, "Наурыз банктің" бұрынғы басшысының жүрген жерін анықтау және оны елге экстрадициялауға қажетті барлық шаралар алынды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің тергеу департаментінің бастығы Василий Цуранков мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір "Наурыз банктің" бірқатар лауазым иелерін лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды және қаржы жамқырды деп айыптауға қатысты қылмыстық істің басты кейіпкері, осы қылмыстарды ұйымдастырушы - банк басқармаларының бұрынғы төрағасы Оразалы Ержановтың жүрген жерін анықтауға бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасуда",- деді В.Цуранков.

Оның айтуынша, қазірде банктің бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланған. "Оны іздестіру шарасына тек қазақстандық құқық қорғау құрылымдары ғана емес, сонымен бірге, бізбен келісім-шартқа қол қойған барлық халықаралық органдар да жұмылдырылған",- деді В.Цуранков. "Меніңше, қазіргі жағдаймен біз оның жүрген жерін анықтау бағытында мұқият шаралар қолдандық. Табылған жағдайда ол Қазақстанға экстрадицияланып, сот жауапкершілігіне тартылатын болады",- деді тергеу департаментінің төрағасы.

В.Цуранков сонымен бірге осы жылдың 27-желтоқсанныда Алматының Медеу аудандық соты үкім жариялағанын еске салды. Оған сәйкес "Наурыз банктің" бірқатар лауазым иелерін лауазымдық құзыретін асыра пайдаланды және қаржы жамқырды деп айыптауға қатысты қылмыстық іс бойынша бес адам кінәлі деп танылып, сотталды. "Осы банктің вице-президенті Дүйсебаелиев мырза мен басқа да бірқатар лауазым иелері түрлі жылдарға бас бостандықтарынан айрылды. Мәселен, Иміралиевтің мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айрылса, Нарбаев 177-бап бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылға сотталды. Ал Бисекеев те бас бостандығынан айрылғанымен, рақымшылық шарасына байланысты жазадан құтылды",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаржы полициясы тарапынан "Наурыз банктің" бұрынғы басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, банк басқармаларының бұрынғы төрағасы Оразалы Ержановқа банк қызметкерлері мен туыстарынан ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы 4 млрд. теңге көлемінде банк қаржысы мен банк клиенттерінің қаржысын тонады деген айып тағылған.

В.Цурановтың айтуынша, осы топтың іс-әрекеттеріне 34 адам "түрлі деңгейде" қатысты болған. Олардың арасынан 12 адамның іс-әрекеттерін тергеу қылмыстық жаза жүктеуге лайық деп таныған. Қазір қылмыстық іске қатысты 12 адамның жетеуі іздеуде жүр. Олар қамауға алынуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны