31.05.2012, 15:54 10277

Каспий теңізіне 4 балықшы батып кетті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 мамыр күні сағат 10.50 минутта "Мартыши" кен орыны, Жанбай кенті маңында Каспий теңізінде балық аулап жүрген 1987 жылы туған Р.Сарманов, 1992 жылы туған К.Нұрдәулетов, 1993 жылы туған И.Есенғалиев, 1983 жылы туған А.Елеуов суға кеткен.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Каспий теңізіне 4 балықшы батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 мамыр күні сағат 10.50 минутта "Мартыши" кен орыны, Жанбай кенті маңында Каспий теңізінде балық аулап жүрген 1987 жылы туған Р.Сарманов, 1992 жылы туған К.Нұрдәулетов, 1993 жылы туған И.Есенғалиев, 1983 жылы туған А.Елеуов суға кеткен.

30 мамыр күні ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметі мамандары мен "Қазавиақұтқару" РМК 1 тікұшағының көмегімен Р.Сарманов, К.Нұрдәулетов және И.Есенғалиевтың мүрделері судан шығарылды. А.Елеуовтың денесін іздеу шаралары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны