29.05.2012, 16:44 3210

Катар астанасында сауда орталығы өртеніп, 19 адам қаза тапты

Елдің Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, өрт Катар астанасы Доха қаласындағы Villaggio сауда орталығында, жергілікті уақыт бойынша шамамен түсауа орын алды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Жалынның шығу себептері мәлім етілмеді.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Катар астанасында болған өрт салдарынан 19 адам қаза тапты, оның 13-і - балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агеттігінің хабарлауынша, елдің Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, өрт Катар астанасы Доха қаласындағы Villaggio сауда орталығында, жергілікті уақыт бойынша шамамен түсауа орын алды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Жалынның шығу себептері мәлім етілмеді.

Villaggio орталығы Катар астанасындағы танымал орындардың бірі болып табылады. Онда келушілер үшін таңғажайып мұз айдыны салынған. Бұдан басқа, кешеннің ішінде венецияндық гондолалармен сырғанауға болатын каналдар жасалған.

Ғимаратқа келген шығынның болжамды сомасы әзірше айтылмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны