18.01.2010, 10:14 1380

Қазақстан өңірлерінде күн райының нашарлауына байланысты жолдарда қозғалыс жабылды - ТЖМ

Қазақстан өңірлерінде күн райының нашарлауына байланысты жолдарда қозғалыс жабылды - ТЖМ

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан өңірлерінде күн райының нашарлауына байланысты жолдарда қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауа температурасының төмен болуына байланысты Астанада, сонымен қатар Қарағанды мен Павлодар облыстарында жолаушылар және дизельді автокөліктер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында дизельді автокөліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыстарға шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарламасында 17-қаңтарда түнгі 22.15-тен - Астанада, 20.30-дан - Қарағанды облысында, 21.40-тан - Павлодар облысында және 11.20-дан Солтүстік Қазақстан облысында жол қозғалысының жабылғандығы айтылған.

Сондай-ақ, Астанада аяздың күрт күшеюіне байланысты мектептер мен колледждердің сабақтары тоқтатылды.

"Сабақтар қала мектептерінің 1-11 сынып оқушыларына, сонымен қатар колледждердің 1, 2 курс студенттеріне тоқтатылды", дейді қалалық анықтама қызметі. Қазіргі уақытта елордадағы орташа ауа температурасы 33 градус аяз болып тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны