02.09.2007, 12:55 2777

Қазақстан Республикасында бір тәулікте әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 20 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілген

Қазақстан Республикасында бір тәулікте әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 20 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілген.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АЛМАТЫ. Қазақстан Республикасында бір тәулікте әртүрлі жол-көлік оқиғаларынан 20 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, 1-қыркүйекті Павлодарда, Екібастұз - Солнечный тасжолының 10-шы шақырымында "Вольво" көлігінің 28 жастағы жүргізушісі "Тойота" шағын автобусына соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші де, сонымен қатар төрт жолаушы оқиға орнында қайтыс болған, ал тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмған. "Тойота" шағын автобусының тағы бес жолаушысы, олардың ішінде 5 жасар қыз бен 13 жасар жасөспірім әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ал Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында Ақсай - Тұңғыш тас жолының 12-ші шақарымында "Пассат" көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 22 жастағы жігіттің басқаруындағы "Ауди" көлігімен соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Пассат көлігі жанып кеткен".

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Пассат" көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы, сонымен қатар "Ауди" көлігінің екі жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмған. "Аудидің" жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. "Төтенше жағдайдың салдарын жоюға жеке құрамның 14 адамы мен ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Оралда 1-қыркүйекте 19.30 "Ауди" көлігінің 20 жастағы жүргізушісі "Мазда" көлігімен соғылған. Жол апатының салдарынан "Ауди" көлігінің 18 жасар жолаушысы мен кім екені белгісіз азиялық бір азамат оқиға орнында қайтыс болды, ал көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. "Мазда" көлігінің жолаушылары - 35 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды, ал 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды. "Мазда" көлігінің жүргізушісі және оның жолаушысы - бір жасар қыз ауруханаға жеткізілді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны