20.04.2012, 09:44 3202

"Қазақстан" шахтасында болған апаттан қаза тапқан кеншінің денесі табылды

"20 сәуір күні таңертеңгі сағат 07:10-да "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы газ-дренаждық штрекінде жоғарыдан тау массасы құлады. 09:55-те құтқарушылар үйінділер астынан 1962 жылғы машинист С.А.Сухиннің денесін алып шықты", - атап өтті облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 20-сәуір. Kazakhstan Today - "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан кеншінің денесі табылды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"20 сәуір күні таңертеңгі сағат 07:10-да "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы газ-дренаждық штрекінде жоғарыдан тау массасы құлады. 09:55-те құтқарушылар үйінділер астынан 1962 жылғы машинист С.А.Сухиннің денесін алып шықты", - атап өтті облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

ТЖД-нің ақпаратынша, апат кезінде шахтада 343 адам болды, олардың 342-сі жер бетіне шығарылды.

"Апат болған штректе 4 адамнан құрылған қазба жұмыстары бригадасы жұмыс істеп жатқан болатын, олардың үшеуі жер үстіне шығарылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет емес", - деп атап өтті облыстық ТЖД-ден.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны